Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

161

"Қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады. 

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді Фото: ҰҚК

2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және "синтетика" жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.

"Қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.

Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.

Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу