Заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

554

Күдіктілерден 3 қап балық, тіркелмеген 3 қайық және заңсыз электр құрылғылары тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды Фото: primeminister.kz

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен жүргізілген іс-шара барысында Шардара су қоймасынан электр тогын пайдалану арқылы заңсыз балық алу фактісі анықталды.

Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, заттай дәлелдеме ретінде Нива автокөлігі, үш қап балық, тіркелмеген 3 қайық және заңсыз электр құрылғылары алынды.

"Аталған жағдай ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы облыс прокуратурасының қатаң бақылауына алынды", - делінген Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу