Заңсыз балық аулағандарға 2 млн теңге айыппұл салынды

Олар 1 тоннадан астам балықты аулаған. 

Заңсыз балық аулағандарға 2 млн теңге айыппұл салынды Фото: Полиция департаменті

Павлодар облысында "Браконьер" рейдтік шарасы жалғасуда. Соның аясында тәртіп сақшылары заңсыз аң және балық аулаудың жолын кесуді қолға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Күні кеше Аққулы ауданында рейдтік іс-шаралар барысында "Lada Priora" көлігі тоқтатылып, оның ішінен 16 қап артемия салина шаяны, оны аулауға арналған тор мен резеңке етіп тәркіленді. Аққулы ауданы полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаевтың айтуынша, балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал тәркіленген шаян бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сол сияқты жағдай Ақсу қаласында да тіркелді. Мұнда да тұрғындар Сырлықала ауылынан 15 шақырым жерден артемия салина шаяндарын аулаған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, бір ай аралығында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 135 бұзушылығын, оның ішінде аң аулау және балық аулау ережелерін бұзудың жолын кесті. Осы аралықта заңсыз ауланған 1 тоннадан астам балық тәркіленіп, ережені елемегендерге 2 млн теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу