Заңсыз баюға жол берілмейді

1174

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өткен жылы сыбайлас жемқорлық арқылы жүзеге асырылған  қылмыс көрсеткіші 5%-ға азайғанын айтты.  

Заңсыз баюға жол берілмейді

"Жүйелі алдын алу жұмысының нәтижесінде 2020 жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды. 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде бұл көрсеткіш 115%-ға қысқарды", – деді Алик Шпекбаев. 

Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы үш топтаманың жалғасы ретінде төртінші топтама әзірленеді. 

"Бұл топтамаға заңсыз баюға жауапкершілік енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, пара беруді уәде еткені, ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қолдану және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірнеше еселенген айыппұл төлеуді жою талабы енгізіледі", – деді агенттік төрағасы. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу