Бүгін Парламент мақұлдаған құжатқа байланысты Бас прокурордың орынбасары осындай түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бірақ бұл тұлғалар өз еркімен қаражатты қайтару арқылы жазадан құтыла алмайды. Өйткені оларға байланысты сот үкімі бар. Ал әлі күнге істі болмаған олигархтар үшін бұл соңғы мүмкіндік. Осылай деген Бас прокурордың орынбасары заңсыз иемденген активтерін қайтаруы тиіс адамдардың тізімі күзде белгілі болатынын айтты. Сол тізімге ілінгендер тез арада өз еріктерімен бар байлығы туралы ақпарат беруі тиіс екен. Сонда заңсыз жинаған активі үшін жауапкершілікке ілінбейді.