Заңсыз қалааралық тасымалдаушылармен күрес күшейтілді

670

Заңсыз қалааралық тасымалдаушылармен күрес күшейтілді

Астана билігі заңсыз тасымалдаушылармен күресті күшейтті. Жолаушылар көлігі басқармасының мәліметіне сүйенсек, Астанада заңсыз тасымалдаушылардың көліктерінің жағдайы нашар, басым бөлігі 90-жылдан бері пайдаланылып келеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында тасымалдаушыларда көлік құралына техникалық байқау мен азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру болмай шықты, сондай-ақ рұқсат құжаттар да табылмады. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, әр жүргізуші міндетті түрде рейс алдында медициналық тексеруден өтуге тиіс, бұл – көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шараларының бірі.

Инвестиция және даму министрінің 2015 жылдың 26 наурызындағы №349 бұйрығымен бекітілген көлікпен жолаушы және жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушы мен жүк тасымалдауға Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасымен ресми келісімге отырған жеке кәсіпкер мен заңды тұлға жіберіледі.

Ал заңсыз тасымалдаушы заңнаманың нормаларын бұзады, Астана қаласының әкімдігімен келісімсіз жұмыс істейді, салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлемейді, жолаушылар ағыны көп бағытты таңдайды.

Осы орайда басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарын қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын заңсыз тасымалдаушының қызметін пайдалану қауіпті екенін ескертеді. Сондай-ақ тәуекел мен ауыр салдарды болдырмау үшін азаматтарға жүйелі тасымалдаушының қызметін пайдаланып, билет сатып алу арқылы "Сапаржай" автовокзалы арқылы сапарға шығуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу