Заңсыз қару жасағандарға үкім шықты

1227

Қылмыстық топ мүшелері 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы кезінде ұсталған еді.

Заңсыз қару жасағандарға үкім шықты

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды.

"К. Дрейлингке ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 288-бабы 2-бөлігі ("Қаруды заңсыз жасау") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ал тағы бір қылмысты – Ю. Разин 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды",– делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қылмыстық топ мүшелері 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы кезінде ұсталған еді.

"Қылмыстық тәсілге сәйкес елестету қаруы (демилитарландырылған, дыбыспен әсер ететін патронмен атуға арналған) Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған. Заңсыз айналымнан 8 "Калашников" автоматы, 2 "Макаров"  пистолеті және оларға оқ-дәрілер алынды. Қаруды түрлендіру бойынша цех жойылды",– деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу