Заңсыз қоқыс орындары туралы жедел желіге хабарлауға болады

945

Экологияға бей-жай қарамайтын әрбір азамат бейберекет төгілген қоқыстар туралы хабарлап, қоршаған ортаның таза болуына үлес қоса алады.

Заңсыз қоқыс орындары туралы жедел желіге хабарлауға болады

Экология министрлігі Қазақстандағы заңсыз қоқыс орындары жөнінде жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл желіге Қазақстанның кез келген тұрғыны өз қаласы немесе ауданындағы заңсыз қоқыс орындары мен деректері туралы, оның ішінде, соны растайтын фото, бейнематериалдарды жолдай алады.

"Сіздермен, сондай-ақ ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерге барып, шара қабылдайтын боламыз", – деді министр.

Экология министрлігі бір ай ішінде еліміздегі барлық қоқыс полигондарына мониторинг жүргізбек.

Еске сала кетсек, 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент экология мәселесі туралы айта келіп, заңсыз қоқыс орындарының проблемасына ерекше назар аударған болатын. Жыл сайын Қазақстанда 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Оларды өңдеу көлемі еліміз бойынша тек 15% қана. Президент айтқандай, бұл жеткіліксіз. Сондықтан ол Үкіметке жедел түрде заңнамалық база әзірлеп, "Waste to energy" технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызуды тапсырды.

Экология министрлігінің стихиялық үйінділер бойынша жедел желісінің нөмірі: +77759524900. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу