Заңсыз қоқыс полигондары геопортал арқылы бақыланады

1851

Талдықорған қаласы маңынан анықталған радиусы 50 км аумақты алып жатқан 58 полигонның 44-і, ал Алматы қаласының айналасындағы 60 полигонның 42-сіндегі жағдай мәз емес. 

Заңсыз қоқыс полигондары геопортал арқылы бақыланады

Алматы облысында геопартал жүйесі іске қосылғалы 857 рұқсат етілмеген заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды.

"Қазақстан Ғарыш сапары" ҰҚ" АК жүргізген геопартал жүйесінің көрсетуінше, облыс орталығы Талдықорған қаласы маңынан анықталған радиусы 50 км аумақты алып жатқан 58 полигонның 44-і, ал Алматы қаласының айналасындағы 60 полигонның 42-сіндегі жағдай мәз емес. Полигон құжаттары заңды болғанымен, төгілген қоқыстар полигон шекарасының сыртына жайылып кеткен. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын нашарлатып отыр", – дейді Алматы облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ерасыл Бекжанов.

Аталған департамент геопартал анықтап берген деректерді жергілікті атқарушы органдарға көрсетіп, онымен бірлесе күрес жүргізу жайлы келісімге келген.

"Бүгінде Талдықорған қаласына қарасты Еркін және Өтенай ауылдарының маңынан қоқыс заңсыз төгілген 42 нүкте анықталып, оны тазалау жұмысын жүргізу тапсырылды. Көп өтпей аймақтағы 857 қоқыс үйіндісінің 42-і тазаланады", – дейді Ерасыл Баратұлы.

Қажет Андас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу