Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев заңсыз қоқыс үйінділері ең көп жинақталған өңірлердің үштігін атады.
"Ең көп фактілер Ақмола облысында болып тұр. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласының маңайында қоқыс көп. Елорда аумағында құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан, құрылыстық қоқыстар өте көп. Екінші, Қарағанды облысында да көп факт анықталды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда қоқыс үйінділері көп", – деді ол.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу