Заңсыз құрылыс салушылар азаматтарға 30 млрд теңге шығын келтірген

442

Қадағалау органында соңғы екі жылда 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталғаны аталды.

Заңсыз құрылыс салушылар азаматтарға 30 млрд теңге шығын келтірген

Соңғы екі жылда тергеу органдарымен 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталған.  30 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Заңсыз құрылыс салушылар азаматтарға 30 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен үлестік құрылыстың проблемалық мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңесте Берік Асылов әрбір отбасы өз баспанасын армандайтынын, сол үшін жылдар бойы пәтерге қаражат жинайтынын немесе несие рәсімдейтінін атап өтті. Бұл ретте жосықсыз құрылыс салушылар азаматтарды төмен бағамен желіктіріп, оларды алдауда. Нәтижесінде үлескерлер ақшасыз және баспанасыз қалып жатыр.

Бұл туралы жыл басында Мемлекет басшысымен елорданы дамыту жөніндегі кеңесте де айтылған болатын. Президент сәулет және құрылыс саласындағы бақылауды күшейтудің, құрылыс компанияларының жауапкершілігін қатаңдатудың жаңа тәсілдерін көздеуді тапсырған.

Қадағалау органында соңғы екі жылда 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталғаны аталды. Олар 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген. 300-ден астам компания заңсыз алымдар үшін 250 млн теңге айыппұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар қазір елімізде 44 үйді салынып бітіп қалды. Олардың көпшілігі елордада (16 тұрғын үй) және мемлекет есебінен қаржыландырылуда.

Бас прокурор құрылыс салушылардың алдын ала инвестициялар және т.б. шарттар арқылы заңды айналып өтіп, азаматтардың қаражатын тарту бойынша заңсыз әрекеттеріне назар аударды. Заң аясында құрылыс салушылар үлескерлердің ақшасын екі жағдайда ғана тарта алады.

Біріншісі - Қазақстан тұрғын үй компаниясымен келісім-шарт болған кезде.

Екіншісі - әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

Егер жобаға банк қатысса немесе үйдің қаңқасы болса, әкімдіктің рұқсаты беріледі.

Сондай-ақ, жаңа заңда шарттың атауымен манипуляциялар жасау жағдайы алынып тасталды. Сондықтан азаматтардың қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуы қажет.

Бас прокурор Құрылыс істері комитетіне проблемалық тұрғын үйлердің бірыңғай реестрін оларды іске қосылуына дейін бақылау үшін әзірлеуді тапсырды.

Елордалық әкімдіктің алдына проблемалы үйлердің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды.

Өз кезегінде Индустрия министрлігіне құрылыс салушыларға қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.

Кеңес соңында қадағалау ведомствосының басшысы қызметкерлер мен бақылаушы органдарға құрылыс компанияларының іс-әрекеттерін мұқият қадағалауды тапсырды. Егер бұзушылықтар анықталса, азаматтар зардап шекпеуі үшін тез әрекет етуді талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу