Заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға тықыр таянды

785

Ұлттық  лотерея операторында 748 адам жұмыс істейді. 

Заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға тықыр таянды

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда қабылданды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, лотерея операторы болып саналмайтын тұлға лотерея ұйымдастыратын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"Жеке тұлғаларға - 100, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 300, орта бизнес өкілдеріне - 500, ірі бизнеске -1мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғалар - 200, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар - 750, орта кәсіпкерлік субъектілері - 1 мың, ірі бизнес өкілдері - 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің мәлімдеуінше, лотерея операторы құрған комиссиялық келісімшарт аясында орналастырылған жарнамадан бөлек лотерея жарнамасына тыйым салынады.

Айта кетейік, 2017 жылы үкімет қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ 15 жыл мерзімге ұлттық  лотерея операторы болып бекітілді. Қазір мұнда 748 адам жұмыс істейді. Ел аумағындағы лоторея ұйымдастырып жүрген  3 мыңға жуық агент шағын және орта бизнес өкілі саналады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу