Заңсыз медициналық қызмет көрсеткендер жауапқа тартылды

1188

Заңсыз медициналық қызмет көрсеткендер жауапқа тартылды

Алматы облысында заңсыз медициналық қызмет көрсеткені үшін деструктивті діни ағым өкілдері жауапқа тартылды. Олар Ақсу және Панфилов аудандары мен Талдықорғанда "хиджама" яғни, қан шығару емін заңсыз жасап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл фактілердің бәрі әртүрлі уақытта тіркелген. Бірақ тұрғындар қан шығарғаннан кейін өздерін нашар сезініп, тәртіп сақшыларына шағымданған. Тексеру барысында дәстүрлі емес діни ағымдағы үш азаматтың заңсыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Олардың мұндай емдік процедурамен айналысуына ешқандай рұқсат қағазы болмаған.

"Жиналған материалдар Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жолданды. Үш азамат ҚР ӘПК 424 бабы бойынша жауапқа тартылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД Баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу