Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

754

Қылмыстық топ ойын бизнесін 2018 жылдан бері заңсыз іске асырып келген.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізіп, қылмыстық топ әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі

4 адамнан тұратын топ 2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған және Сатпаев қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналасып келген.

Заңсыз айналымнан әртүрлі ойын жабдықтарының 160 аса бірлік жиынтығы тәркіленді, қылмыстық әрекеттен келген табыс 16 млн теңгеден асады.

Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүгізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу