Прокуратураның араласуымен 9,9 млн теңге мемлекетке өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айыпталушының бақылауымен мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген онлайн казино TikTok және YouTube желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы таратылып, азаматтар құмар ойындарға ақша аударып отырған.
Заңсыз қызмет нәтижесінде ол ірі көлемде табыс тапқаны анықталды.
Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісіне сәйкес жазадан босатқан. Алайда заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесі қаралмаған.
Осыған байланысты прокуратураның кассациялық наразылығы қанағаттандырылып, сот актісі өзгертілді. Нәтижесінде сотталған адамнан мемлекет пайдасына 9,9 млн теңге заңсыз табыс өндірілді.