Заңсыз ойын мекемесін ашқан елордалық тұрғын 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

514

Заңсыз "Покер" ойынын ұйымдастыру фактісін ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті анықтаған.

Заңсыз ойын мекемесін ашқан елордалық тұрғын 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишкаларды сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу