6 адам заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде "Покер" ойынын ойнау үшін заңсыз ойын мекемесін ұйымдастырып, 22,5 млн теңгеден астам аса ірі көлемде кіріс алған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде казинода ойыншы мен қызметкерлер болған, әртүрлі номиналдағы ойын фишкалар, карталары және т.б. қылмысты дәлелдейтін заттар тәркіленді. Сонымен қатар астыртын казинода тек тексерілген клиенттерге кіруге мүмкіндік беретін жүйе орнатылды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу