Заңсыз ойын орындарын ұйымдастырған екеу сотталды

510

Оларға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Заңсыз ойын орындарын ұйымдастырған екеу сотталды

Атырау облысында заңсыз ойын орындары анықталды. Оны ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Сотталғандар Атырау қаласында монша мен пәтерді жалға алып, 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусымы аралығында құмар ойын ойнайтын орынға айналдырған.

Осылайша, ҚР заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзған.

Сот үкімен олар қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу