Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған "1WIN" ұйымына қатысты тергеу басталды

329

Аталған ұйым  Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД және алыс шетелде де қызмет атқарған. 

Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған "1WIN" ұйымына қатысты тергеу басталды Фото: dubna.ru

Елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған "1WIN" ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мыңдаған азаматты заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған. 

Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады. 

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеттері жалғасуда.  

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу