Заңсыз пайдаланылған жайылымдық жерлер мемлекетке қайтарылады

329

Сонымен қатар ол жерлер халыққа қолжетімді болады. 

Заңсыз пайдаланылған жайылымдық жерлер мемлекетке қайтарылады Фото: inbusiness.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық Жер инспекциясымен бірлесіп жалпы ауданы 46 гектар жер учаскесін "шаруа қожалығы үшін" нысаналы мақсатын "коммерциялық үй-жайлар салуға" санатына заңсыз өзгерту фактісін анықтады.

Аталған учаскені нысаналы мақсаты өзгергеннен кейін азамат жер телімін 460 учаскеге бөліп, 1,5 млрд теңгеге сатуға тырысты, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас.

Әкімдіктің қаулысымен жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту жойылып, ол жайылым қорына қайтарылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінде шаруа қожалықтарының меншігіндегі жайылымдардың тек 36% - ы ғана осы мақсатта пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу