Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы онлайн өткізілетін болады

1145

 Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аударылады.

Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы онлайн өткізілетін болады

1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аударылады.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай-ақ, полиция департаменттерінің сайтында көрсетілген "қауырт желі" телефондарына немесе "102" номеріне хабарласса жеткілікті.

Айта кетсек, халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Сол уақыттан бері  51 мың біріліктен астам қару, 2 млн ойық қару патрондары сатып алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу