Заңсыз сақталған қару-жарақты қабылдау акциясы басталды

1251

Заңсыз сақталған қару-жарақты қабылдау акциясы басталды

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш затты қолданып жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөнінде кезекті акция басталды, деп хабарлайды inform.kz.

Қазір барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу комиссиясы құрылды.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.

2016 жылы азаматтардан заңсыз сақталған 344 қару өтемді түрде қабылданса, оның 312-сі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 32-сі иір ойықты аңшы қаруы, 235 дана қарудың оқ-дәрісі. Облыста 2014 жылы тұрғындар арасында қару-жарақ өткізген 292 азаматқа барлығы 15 000 000 теңге төленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу