Заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы жалғасады

751

Заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы жалғасады

Бүгінгі күні халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы аясында елорда тұрғындары полицияға 30 қару түрін тапсырған. Қазір сыйақы төлеу мақсатында ІІД қаржы бөліміне 1 млн 300 мың теңгенің қорытындысы жолданды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, мемлекет қаруын ерікті тапсырғандарға қарудың түріне қарай 10-100 АЕК мөлшерінде ақшалай төлем қарастырған.

Тіркелмеген қару-жарақты және жарылғыш затты өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу