Заңсыз салынған көпқабатты тұрғын үй сүрілді

511

Қарағандыда заңсыз салынған көпқабатты үй сүрілді. 

Заңсыз салынған көпқабатты тұрғын үй сүрілді Фото: yandex.kz

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция өкілдерінің сөзінше,  аталған компанияға заң талаптарын орындамағаны үшін, 3 бірдей әкімшілік хаттама толтырылған. Тіпті, 1 млн 600 мың теңге көлемінде айыппұл да салыныпты. Бірақ, бармақ бастылық пен көз қыстылыққа жол берген құрылыс компания ақыры жұмысын түбегейлі тоқтатты. Мұндай заңсыздыққа жол беріп, қара тізімге енген құрылыс компаниялардың қатары аз емес. 

Мәселен, қазіргі таңда ондаған нысанның құрылысы  сот шешімімен тоқтап тұр. Заң бойынша, әрбір нысанның іргесі қаланбас бұрын, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бақылауынан өтуі тиіс. Алайда, компания өкілдері бұл шараға салғырттық танытып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу