Заңсыз салынған сауда орындары сүрілуде

1475

Заңсыз салынған сауда орындары сүрілуде

Алматыда заңсыз салынған сауда орындарын сүріп тастау жалғасуда. Осы уақытқа дейін қала билігіне көшелерде бейберекет орналасқан 1100 дүңгіршекті қиратуға тура келген. Себебі ол сауда орындарының дені заңсыз салынған не талаптарға сай келмейді. Сондай-ақ, тексеріс барысында қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамайтын орындардың да баршылық екені анықталған. Мұндай сауда нүктелерінің иелері құзырлы органдар тарапынан жасалған ескертулерге құлақ асып, ғимараттарын сүріп тастауға не болмаса қайта салуға келісімдерін берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу