Заңсыз сатып алынған активтерден бюджетке 2 млрд АҚШ доллары қайтарылған

263

"Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға ерекше назар аударылды. 

Заңсыз сатып алынған активтерден бюджетке 2 млрд АҚШ доллары қайтарылған Фото: canva.com

"Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға ерекше назар аударылды. Тек соңғы екі жылда Қазақстан бюджетіне мүлік, активтер және ақша қаражаты түрінде 2 млрд АҚШ долларынан астам қайтару қамтамасыз етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Антикорға сілтеме жасап.

Биыл 8-12 сәуір аралығында Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің блогы бойынша ЭЫДҰ жемқорлыққа қарсы желісінің мониторингтік тобы іс-сапармен келді.

Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының ағымдағы 5-раундының нәтижесінде Қазақстан жемқорлыққа қарсы саясат пен қылмыстық заңнаманың егжей-тегжейлі бағасын және ЭЫДҰ-ның жемқорлыққа қарсы стандарттарын одан әрі енгізу үшін ұсынымдар алады.

Қазақстан жүргізіліп жатқан реформаларға елеулі серпін берген ұсынымдарды орындау мониторингінің төрт кезеңінен сәтті өтті.

Мәжіліске Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Асхат Жұмағали жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде шенеуніктердің негізсіз баюы үшін жауапкершілігі, ақпараттандырушыларды қорғау кепілдіктерін күшейту және т.б. мәселелерін атап өтті.

"Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға ерекше назар аударылды. Тек соңғы екі жылда Қазақстан бюджетіне мүлік, активтер және ақша қаражаты түрінде 2 млрд АҚШ долларынан астам қайтару қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта Парламентте пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялау, заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, жемқорлардың жария тізілімін енгізу және т.б. бойынша заңнамалық түзетулер қаралуда", - делінген хабарламада.

Сапар барысында жемқорларды қылмыстық қудалау, мүдделер қақтығысы, активтер декларациясы, ақпарат берушілерді қорғау кепілдігі, мемлекеттік сатып алулар, сот жүйесінің тәуелсіздігі, прокуратура органдары, бизнестегі парасаттылық және т.б. мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және ҮЕҰ өкілдерімен тақырыптық кездесулер өтті.

Болашақта Қазақстан ЭЫДҰ-ның парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобының (OECD Working Group on Bribery) құрамына кіруге, кейіннен Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу