Заңсыз саудадан 8,5 млн бетперде алынды

800

Қорғаныш құралдары медициналық мекемелерге тегін үлестіріледі. 

Заңсыз саудадан 8,5 млн бетперде алынды

Antikor.Live жобасы аясында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров заңсыз дәрі-дәрмек пен бетперде саудасы туралы сөз қозғады.  

"Бұл бағытта бірқатар рейдтер өткіздік. Дәрі-дәрмек тапшылығының себебін анықтау мақсатында біздің қызметкерлер "СҚ-Фармация" қоймасын толық тексерді. Бұған қоса олар Алматыға келген гуманитарлық көмектердің дұрыс үлестірілуін қадағалады",– деген департамент басшысы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде заңсыз айналымнан 8,5 млн бірреттік бетперде алынғанан айтады. 

"Қазіргі уақытта тәркіленген бетперделер бойынша тергеу жұмыстары басталды. Олар арнайы сараптамадан өткеннен кейін Алматы қаласының әкімдігіне тапсырылады. Олар заңсыз айналымға қайта түспеуі үшін медициналық мекемелерге ақысыз үлестіріледі", – деді Нығметжан Сапаров. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу