Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады

478

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады Фото: inbusiness.kz

Заңсыз шығарылған активтерді қайтарумен айналысатын жеке ведомство құрылады. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұжымның шағын әрі Бас прокуратураның құрылымында болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды. Бұдан басқа, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау әрі басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылады. Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға мүмкіндік береді.

"Бұл қорда жеке шот болуы мүмкін немесе жеке кәсіпорын болуы мүмкін. Қайтарылуы тиіс мүлікті басқару керек, оны қандай да бір есепшотқа аудару қажет. Бұл жұмыстарды атқаруға белгілі бір құрылым керек. Бұл құрылым ауқымды болмайды, оның құрамында шамамен 10 адам болуы мүмкін", - деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу