Заңсыз тұрақтарға мобильдік қосымша арқылы шағым түсіруге болады

944

Заңсыз тұрақтарға мобильдік қосымша арқылы шағым түсіруге болады

Алматы тұрғындары үй аулаларындағы заңсыз тұрақтарға арнайы мобильдік қосымша арқылы шағым түсіре алады, деп хабарлайды almaty.tv.

Жаңа қызметті жүзеге асырушылар ол үшін қосымшаны тек ұялы телефонға жүктеп, шағымды онлайн түрде жіберсе жеткілікті дейді. Сондай-ақ ыңғайсыздық тудырған көліктердің нөмірін де суретке түсіріп, қосымша арқылы тікелей жолдауға болады екен. Түскен өтініштердің барлығы жол сақшыларына тікелей жолданады. Мамандар ұялы телефонға тегін қосымшаны қыркүйек айында іске қосуды жоспарлап отыр.

"Біз жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Қазір жүйені пысықтап жатырмыз. Бұл өз кезегінде көп жұмысты да, көп шығынды да талап етпейді. Мобильді қосымшаны кез келген адам өз телефонына жүктеп алып, тіркелгесін емін-еркін қолдана беруіне болады", - деді жоба жетекшісі Азиз Медет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу