Заңсыз жекешеленген 330 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

397

Түркістан облысында заңсыз жекешеленген және мақсатсыз пайдаланылған 330 мың гектар жер халыққа қайтарылды.  

Заңсыз жекешеленген 330 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: Inbusiness.kz

Оның басым бөлігі – жайылымдық жерлер, деп жазады inbusiness.kz.

Әлі 600 мың гектардай жайылым жер керек. Халқы көп, бірақ жері тапшы өңірде бос жатқан бір сүйем жер жоқ. Ебін тапқандар түгел жекешелендіріп алған. Сондықтан, аймақта игерусіз қалған алқаптарды қайтару қарқынды жүріп жатыр. Прокурорлар былтыр жерді заңсыз берген 174 ауыл әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардан 5 млн теңге айыппұл өндірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу