Заңсыз жиналған 47 тонна медициналық қалдыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды

1551

Ашық жатқан препараттарды экологтар жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтаған. 

Заңсыз жиналған 47 тонна медициналық қалдыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда 47 тонна медициналық қалдық табылды. Экология департаменті олардың заңсыз лақтырылғанын, ал ол тұрғындар үшін өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ашық жатқан препараттарды экологтар жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтаған. Олар қалдықтарды өртеу тиісті құжатсыз жүргізіліп келген деп отыр. "Утилизация" ЖШС 5 ауруханадан шыққан медициналық қалдықтарды жинап, жоймақ болған.   

"Аталған медициналық қалдықтар өте зиянды. Экологиялық жіктелімге сәйкес қауіпті деңгей. Яғни, адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсері көп. Санитарлық санаты бойынша "Б" және "В" класына кіретін инфекцияланған медициналық қалдықтар",– дейді Павлодар облыстық экология департаментінің бас мемлекеттік инспекторы Дархан Ісжанов.

Аталған фирма әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 144 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Мамандар оған қоса қоршаған ортаға келтірген зияны үшін 1 млн 700 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеуі қажет деп отыр. Бұл іске табиғатты қорғау прокуратурасы да араласты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу