Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың айтуынша, штат 130 адамнан тұрады.
Мамандар ауқымды деректермен жұмыс істеп, мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді ақпараттарын талдайды.
"Біз бұл заңға қатысы бар субъектілер халықаралық консалтингтік, аудиторлық және заңгерлік компанияларды жалдауға мүмкіндігі бар ауқатты адамдар екенін түсінуіміз керек. Олар өздерін барынша қорғай алады. Біздің тарапымыздан осындай жоғары деңгейдегі мамандар болуы керек", – деді Ұлан Байжанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу