Заңсыз жүк тасымалдаған пойыз бастығы мен жолсерікке қылмыстық іс қозғалды

179

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Заңсыз жүк тасымалдаған пойыз бастығы мен жолсерікке қылмыстық іс қозғалды Фото: бейнеден скриншот

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ревизорлары "Маңғыстау-Алматы" бағытындағы №77 жолаушылар пойызында жалпы салмағы 108 келі болатын ресімделмеген жүк тасымалданғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тексеру барысында пойыз бригадасын бақылау жөніндегі менеджерлер Тараз-Шымкент учаскесінде №8/15892 вагонында Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін заңсыз жүк тасымалдау фактісін анықтаған. Тексеру пойыз бастығының қатысуымен өтті.

Аталған заңбұзушылыққа байланысты жолсеріктің еңбек шарты бұзылды. Сонымен қатар, тексеру кезінде жолсерік пен пойыз бастығы өздерін дөрекі ұстап, тексеруші қызметкерге күш қолданған.

Бұл жағдай бойынша "Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қазақстан темір жолы" жүкті теміржол көлігімен тасымалдау тек заңды жолмен, арнайы ережелерге сай ресімделуі керек екенін ескертеді.

Айта кетейік, жақында Көлік министрі Марат Қарабаев теміржол саласында 27 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеген болатын. "ҚТЖ" басшысы пойыздардың кешігуіне байланысты жолаушылардан кешірім сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу