Заңсыз жүргені үшін ұсталған шетелдік азаматтарға арналған арнайы орталық ашылады

713

Осыған байланысты қала маңында жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейін жететін, 50 төсек-орынға есептелген жеке ғимарат бөлу жоспарлануда. 

Заңсыз жүргені үшін ұсталған шетелдік азаматтарға арналған арнайы орталық ашылады

"Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқармасының төрағасы Жанна Төлегенова журналистерге Алматыда заңсыз жүрген шетелдік азаматтарды ұстауға арналған орталық құру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейде шетелдіктер біздің елде тұрғанда қолданыстағы көші-қон заңын бұзатын жағдайлар кездеседі. Осыған сәйкес оларды ұстауға міндеттіміз және халықаралық стандарттарға сәйкес заңсыз жүрген шетелдіктерді ұстауға адекватты жағдай жасауымыз керек", – деді ол. 

Осыған байланысты қала маңында жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейін жететін, 50 төсек-орынға есептелген жеке ғимарат бөлу жоспарлануда. 

Оның айтуынша, ғимаратта ерлер мен әйелдерге, балалары бар әйелдерге арналған бөлмелер болады. 

"Орталық аумағында қыдыратын аула, жеке асхана, медициналық қызмет көрсетуге арналған бөлме, әкімшілік және шаруашылық блогы – кір жуатын жер мен қоймалар болады", – деп атап кетті  Жанна Төлегенова.

"Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ қалалық әкімдіктің қаулысымен жарғылық капиталда 100% мемлекеттің қатысуымен 2008 жылы құрылған. Орталық Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесу үшін құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу