Заңсыздықты анықтауға тиіс аудиторлардың өздері жемқорлыққа жол берген

1655

Аудиторлардың өздерін тексеру керек. Ол үшін арнайы орган құру қажет. Бұл елімізде тамыры тереңге жайылған жемқорлықтың жойылуына септігін тигізе ала ма? Мамандар жауап берді.

Заңсыздықты анықтауға тиіс аудиторлардың өздері жемқорлыққа жол берген

Жемқорлық туралы аптасына бір емес, күнде айтамыз десе өтірік болмас. Пара алды, ақша талап етті, қызметтік бабын асыра пайдаланып қомақты қаржы жымқырды деген ақпарат әсіресе соңғы кезде жиі айтылып, таралып жатыр. Жемқорлықпен күрес агенттігіндегілер де баспасөз мәслихаттарын өткізуден жалықпайды. Одан пайда, нәтиже бар ма?

Үкіметтегілер қазынада қаржы жоқ, сондықтан салықтық алымды арттыру керек дейді. Бірақ бір ғана экологияны зерттеуге 240 млр теңге бөлінген. Сәйкесінше жемқорлар да алатын жерді табады. Не істемек керек?

Жақында мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев: "Жемқорлық фактілерін анықтайтын аудиторлардың өздерін тексеру керек. Ол үшін арнайы орган құру қажет", – деген еді. Бұл елімізде тамыры тереңге жайылған жемқорлықтың жойылуына септігін тигізе ала ма?

Atameken Business телеарнасы студясының бүгінгі қонағы аудитор, АССА Халықаралық қауымдастығының мүшесі (Дипломды сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы) Талант Қалиева мен GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықпен осы сұрақтар айналасында әңгіме өрбіді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу