Запастағы офицерлер неге қызметке шақырылды

8552

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуына қарағанда, Қарулы Күштерде кадр жетіспейді. 

Запастағы офицерлер неге қызметке шақырылды

"Әсіресе командалық құрамды басқарудың төменгі буындарында жеткіліксіз. Бірінші кезекте дәрігер, байланысшы, IT-мамандар керек", – деді Камалетдинов Сенат кулуарында журналистерге.

Айта кетейік, 1 наурызда үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады. Онда 190 адам шақырылатыны, оның 150-і Қарулы Күштерге жіберілетіні айтылған.

Жоғарғы Бас қолбасшы кеңес өткізіп, онда Қазақстанның Қарулы Күштерін жаңғыртуды тапсырған. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қару-жарақтың жаңа жүйелерін сатып алу да жоспарланып отыр.

"Әскери-теңіз күштері, әуе қорғанысы күштері үшін броньды танк техникасы, зымыран – артиллериялық қару-жарақ сатып алынатын болады", – деді вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу