Запорожье АЭС-інің жұмысы толығымен тоқтатылды

654

Оны салқындату мен суық күйге көшіру үшін дайындық жүріп жатыр.

Запорожье АЭС-інің жұмысы толығымен тоқтатылды

Украиналық "Энергоатом" компаниясы 2022 жылғы 11 қыркүйекте Запорожье атом электр станциясының №6 энергоблогы энергия желісінен ажыратылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Станцияда авариялық жағдайға жол бермеу үшін АЭС-тің байланыс желілерін энергия жүйесімен бірге атқылауды тоқтату және оның айналасында демилитаризацияланған аймақ құру қажет. Осыдан кейін байланыс желілерін жөндеуге, АЭС-ті қосуға және оның одан әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге болады", – делінген "Энергоатом" хабарламасында.

Ресей Запорожье АЭС алтыншы энергоблогының тоқтағанын растады. Бұл туралы "Росэнергоатом" концерні басшысының кеңесшісі Ренат Карчаа мәлімдеді.

Запорожье АЭС-і – Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы. Оның 1000 қуатты алты  ВВЭР блогы бар. Соңғы уақытта бесінші және алтыншы энергоблоктар ғана жұмыс істеп тұрды. Алайда Украина Қарулы Күштерінің атқылауынан электр желілерінің зақымдалуына байланысты біреуі өшірілді, ал екіншісі ең аз шығыс қуатымен жоспарлы түсіру режимінде болды. Осы аптада АЭС-тен электр энергиясы Ресей Федерациясының бақылауындағы аумаққа да, Украинаға да берілмей қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу