Запорожье АЭС-тағы өрт сөндірілді

957

Станциядағы маңызды жабдықтарды өрт шалмады. 

Запорожье АЭС-тағы өрт сөндірілді

Украинаның Төтенше жағдайлар министрлігі Запорожье АЭС жанындағы оқу-жаттығу кешені ғимаратындағы өрт ауыздықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Запорожье атом электр станциясындағы өрт Ресей әскері ашқан атыс салдарынан туындады деп мәлімдеді.

"Ресей әскері Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы Запорожье АЭС-ты атқылады. Салдарынан оны қызыл жалын шарпыды. Егер ол жарылып кетсе, салдары Чернобыльдікінен 10 есе жойқын болады. Ресей атысты дереу тоқтатып, өрт сөндірушілерге тілсіз жауды ауыздықтауға мұрша беруі тиіс", – деді Украина СІМ басшысы.

Атом қуаты халықаралық агенттігі Twitter-дегі парақшасында "Украина Запорожье атом электр станциясының алаңындағы өрт маңызды жабдықтарды шалмағанын хабарлады" деп мәлімдеді. Сондай-ақ радиация деңгейі өзгермегенін жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу