Жексенбі күні Украинаның Запорожье атом электр станциясының су салқындатқыш құрылғысынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Запорожье облысының оккупацияланған бөлігінің губернаторы Евгений Балицкий оқиғаға Киевті кінәлі деп отыр.
"Энергодар қаласын атқылау салдарынан атом электр станциясының салқындату жүйелері объектісінде өрт шықты", - деп жазды Евгений Балицкий Telegram арнасында.
Өз кезегінде Украинаның "Энергоатом" АЭК ресми арнасы аймақтағы радиация көрсеткіштері қалыпты екенін хабарлады.
"Энергодар. Біз Никопольден ресейлік оккупанттардың Запорожье атом станциясының аумағында өрт шығарғанын тіркедік", - делінген компания таратқан хабарламада.
Онда Ресей "Запорожье атом электр станциясын басып алған алғашқы күннен бастап оны Украина, бүкіл Еуропа мен әлемді бопсалау үшін пайдаланып отырғаны" айтылған.