Запорожье облысында телекомпания ғимараты жарылды

609

Запорожье облысының ресейліктермен "азат" етілген бөлігінің астанасы Мелитополь қаласында үлкен жарылыс болды.  

Запорожье облысында телекомпания ғимараты жарылды Фото: РИА Новости

Бұл туралы 25 қазанда қалалық әкімшілік өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

"Мелитопольде жарылыс болды", - делінген хабарламада.

Жергілікті жұртшылық жарылысты террористік акт деп бағалауда, себебі Запорожье облыстық "ЗаТВ" телекомпаниясы ғимаратының жанында қолдан жасалған жарылғыш құрылғының іске қосылғаны белгілі болды.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылғыш зат ғимараттың жанында тұрған жеңіл көліктің ішінде болған. Әзірге құрбандар саны, зардап шеккендер мен келтірілген залал туралы ақпарат жоқ. Алайда, фотосуреттер мен бейнежазбаларда бес қабатты ғимаратқа үлкен зиян келтірілгені көрініп-ақ тұр - қабырғалары құлап, жарылыстан терезелер сынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу