Бұл бейнероликтің астына жанашыр жандар комментарийлер қалдырған.
"Ақша жинайық, қарияға обал болды-ау", "Байғұс ата, енді қайтіп өмір сүреді... нәпақасын осымен тауып жүрген болар", "Қарияға обал болды. Денсаулығына кері әсер етпесе екен... Қаражат жинайық", "Мен де бұл қарияға қаражат жинаған дұрыс деп санаймын. Бәріміз де осындай боламыз... Оның балалары, немерелері бар-жоғын білу керек. Егер жоқ болса, барлығымыз көмектесуіміз қажет", – деп жазған павлодарлық тұрғындар.
Айта кетейік, полицияның мәліметінше бұл жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат жоқ. Оның қатысушылары апат туралы мәлімдемегенге ұқсайды.