Zara компаниясы қазақстандық кәсіпкерді сотқа берді

888

Бутиктен құны 2 миллион теңгеден асатын, заңсыз таңбаланған 117 өнімді тәркіледі

Zara компаниясы қазақстандық кәсіпкерді сотқа берді Фото: canva.com

Zara және OYSHO брендтерінің иесі қазақстандық кәсіпкерді өнімдерін заңсыз сатқаны үшін сотқа берді. Кәсіпкер бутигінде осы танымал маркалардың киімдерін заңсыз түрде сатумен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметіне сәйкес, кәсіпкер бұл тауарларды белгісіз сатушыдан қолма-қол ақшаға төмен бағамен сатып алғанын мойындады. Ол кейін өнімдерді бутигінде сатқан және оларды интернетте жарнамалаған.

Кәсіпкер атақты брендтердің тауарларын сатуға арнайы лицензия керек екенін білмегенін айтты. Компанияның өкілдері мен Әділет департаменті бутиктен құны 2 миллион теңгеден асатын, заңсыз таңбаланған 117 өнімді тәркіледі.

Сот кәсіпкерді тауар белгісін заңсыз пайдаланды деп танып, 2 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі барлық жарнаманы алып тастауға нұсқау берілді, өйткені ол да заң бұзушылық болып саналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу