Zara Ресей нарығына оралмайтынын мәлім етті

1217

Сәуір айында Inditex Group бас директоры Оскар Гарсиа Масейрас Ресейде өз дүкендерін қайта ашуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Zara Ресей нарығына оралмайтынын мәлім етті

Zara бренді (Inditex Group-қа тиесілі) Ресейде өз дүкендерін ашпайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жақында Zara сайтында 30 сәуірден бастап Ресейде оның дүкендері ашылады деген ақпарат жарияланған болатын. Бірақ кейін компания өкілдері мұндай мәліметтің техникалық ақаулардың нәтижесінде пайда болғанын хабарлады. Сәуір айында Inditex Group бас директоры Оскар Гарсиа Масейрас Ресейде өз дүкендерін қайта ашуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда Zara және Bershka брендтеріне ие испаниялық Inditex деп аталатын киім дүкендерінің желісі Украинадағы соғысқа байланысты Ресей Федерациясының аумағында жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Фото: buro247.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу