Зардап шеккен ауыл тұрғындары аудан орталығына көшкілері келмейді

562

Табиғи өрттен зардап шеккен Аманқарағай, Озерный ауылының тұрғындары үшін 91 баспананың құрылыс жұмысына әзірлік басталып кетті, деп хабарлайды Atameken Business. 

Зардап шеккен ауыл тұрғындары аудан орталығына көшкілері келмейді

Әулиекөл ауданы орталығынан 12 гектар жер бөлінген. Жаңадан бой көтеретін үйлердің аумағы 100 шаршы метрден, 10 сотық жер телімі бар. Алайда баспанасыз қалған Аманқарағай ауылының тұрғындары ол жаққа көшпейміз деп отыр. Әлеуметтік желілерде өз қарсылықтарын білдірген. Олар үй салуға бөлінген алқапта жаңбыр мен қар суы жиналатындығын алға тартып отыр. Сондықтан батпақ жерде салынған құрылыстың сапалы боларына күмәнмен қарайды. Әрі орманда саңырауқұлақ, жидек, қайын сыпырғышын жинап сатып, қосымша нәпақа табумен айналысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу