Зардап шеккен балалар туралы ақпаратқа салынатын айыппұл мөлшері белгіленді

1058

Зардап шеккен балалар туралы ақпаратқа салынатын айыппұл мөлшері белгіленді

Қазақстанда БАҚ-та және телекоммуникацияның басқа да желілерінде құқыққа қарсы әрекеттен зардап шеккен бала туралы ақпарат жарияланса, 200 АЕК-ке (450 мың теңгеден астам) дейін айппұл салу жоспараланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұндай норма бүгін мәжілісте таныстырылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қамтылған. Заң жобасы бойынша таратылған мәліметтерде қарастырылып отырған айппұлдардың сомасы көрсетілген. Құқыққа қарсы әрекеттен зардап шеккен баланың фотосуреттері мен жеке мәліметтерін таратқанда жеке тұлғаларға 5 АЕК көлемінде, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айппұл салынуы мүмкін. Егер де бір жылдың ішінде әкімшілік жаза белгіленгеннен кейін аталған жағдай қайталанса, жеке тұлғаларға- 50 АЕК, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -100 АЕК, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК көлемінде айыппұл салу ескерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу