Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматының бар-жоғы анықталуда - ҚР СІМ

775

Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматының бар-жоғы анықталуда - ҚР СІМ

Канаданың Торонто қаласында шағын автобус жаяу жүргіншілерді қағып, 16 адам жарақаттанды. Жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматының бар-жоқтығы анықталуда. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов facebook-тегі парақшасына жазды.

"Канададағы біздің дипломаттар жергілікті полициямен хабарласып, Торонто қаласында шағын автобустың жаяу жүргіншілерді басып кеткен жол апатынан қайтыс болған жəне зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар жоғын анықтап жатыр.
Осы уақытқа дейін қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ", - деп хабарлады Жайнақов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу