Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс бүгін үйдің жертөлесінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– 28 қазан күні сағат 09:03-те 32 шағын аудандағы "Азия" тұрғын үй кешені 83 үйдің жертөлесінде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы сигнал түсті. Бұл жерге департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкері және 4 техника барды, – делінген хабарламада.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 5 адам жеткізілген. Оның 2-еуі (2010 және 2015 жылы туған) балалар, ал 3-еуі ересек.
1973 жылғы науқастың жағдайы ауыр, денесін 50-55 пайыз күйік шалған. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды. Екінші 2003 жылғы азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілген.
Ал, облыстық балалар ауруханасына 3 адам жеткізілген. Оның бірі 15 жасар қыз газ исіне уланған. Жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр болғандықтан, педиатриялық бөлімге жатқызылды. 7 және 10 жасар жеткіншектер дәрігердің қарауынан соң, ауруханаға жатудан бас тартып, ата-аналарымен бірге үйлеріне жіберілген.
– Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты деп бағаланады. Өңірдің жедел жәрдем және медициналық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, – делінген хабарламада.