Әуе кемесіндегі тілсіз жау техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде байқалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Air Astana тобының мәліметіне сай, Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында өндірістік оқиға болған.
– Өрт әуежайдың жедел қызметтері тарапынан дереу сөндірілді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылды. Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған, – делінген ресми мәлімдемеде.
Air Astana тобы қазір әуе кемесі зақым көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ол пайдаланудан уақытша алынып тасталғанын хабарлады. Мұнан бөлек, өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.