Зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды — Алматы әкімдігі

1029

13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді. АН-26 ұшағы құлап, өртенді. 

Зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды — Алматы әкімдігі

Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы күшті салуда, деп хабарлайды inbusiness.kz. 4 адам қайтыс болды, зардап шеккен 2 адам 1987 жылы туған сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қаласы 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр.

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу