Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты

837

Қазақстандық Зарина Дияс Майами WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

 Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты

Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Зарина Дияс мастерс додасының алғашқы айналымында әлемнің 79-ракеткасы, америкалық Винус Уильямспен кездесті. Теннис әлемінде апалы-сіңлілі Винус пен Серена Уильямстің есімі баршаға мәлім.

Серена "Үлкен дулыға" турнирін 23 рет ұтса, оның апасы Винус та осал емес. Кезінде "Үлкен дулыға" турнирін он дүркін ұтып, рейтингте көш бастаған 40 жастағы В.Уильямс әлі күнге теннистен қол үзбей келеді. Бірінші партия барысында екі брейк жасаған Зарина Дияс алға кетті – 4:2. Содан кейін тағы бір брейк жасап, өз геймін ала білді – 6:2. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте В.Уильямс брейк жасай алды. Дегенмен Зарина қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 4:4. Сосын тағы бір брейкпен өзі алға шықты – 6:5. Бірақ тәжірибелі Уильямс те қалыспады – 6:6. Тартысты тай-брейкте Зарина жеңісті жұлып алды – 7:6 (12:10).

Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда әлемнің 12-інші, осы доданың 11-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу